"Қазақстанның үздік 100 мұғалімі"

01.09-28.10 аралығында Алматы қаласындағы "Халықаралық білім деруді дамыту және педагогика ғылымдары академиясы" бас болып өткізілген "Қазақстанның үздік 100 мұғалімі" атты педагогтердің республикалық  сайысы болып өтті. Оған "Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің"  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хийсхан Гарифулла қатысқан еді. Бұл сайыстың шарты-портфолио дайындау, өзі өмірбаяны, жетістігі туралы жазу, ашық сабақтар және презентация жіберу. Өз жетістігі мен жіберген материалдарының сапалылығына қарай "Қазақстанның үздік 100 мұғалімі" қатарына енді. Еңбегі еленіп, "ТОП -100. Лучший учитель Казахстана-2021" төсбелгісімен, кубокпен қоса диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.  Хийсхан Гарифулла Халықаралық, республикалық, облыстық,  аудандық сайыстар, ғылыми жобалар мен конкурстар, олимпиадаларға жеңімпаздар дайындаған білікті маман.